"Нағыз батыр!" Қазнетте әкімнің ерекше костюмі қызу талқыға түсті
sputniknews.kz
Павлодар облысының әкімі қапет киіп, ұлттық нақыштағы белдікпен белін буып алған.
Желіде ерекше костюм киген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың суреті тарап, жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өңір басшысы үстіне әдеттегідей қатаң костюм емес, қоңыр түсті қапет киіп алған және оны тастармен көмкерілген ұлттық нақыштағы белдікпен буып алыпты.
"Облыс әкімінің костюміне 0-ден 10-ға дейін баға беріңіздер немесе өз пікірлеріңізді жазыңыздар. Бірақ әкімнің инстаны оқитынын ұмытып кетпеңіздер", — деп жазылған инстаграмдағы пабликте жарияланған суреттің астындағы жазбада.
Суреттің астында желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып жатыр.
"Нағыз батыр, ер жігіт!", — деп жазғандардың бірі 10+ деген бағасын беріпті. Енді бірі "қамшы қайда?" деп сұраған.
"Жағдайын жасап жүрсе қарашаның, халқымен кеңесетін, санасатын. Жолымен тура жүрсе Аяз бидің, әкімге не кисе де жарасады",- деп жазыпты тағы бірі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript