Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 16:11 ҚазАқпарат
Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды.

Волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы ел біріншілігінде ерлер арасында «Атырау» командасы чемпион атанды. Екінші орынға «Павлодар» командасы ие болса, үздік үштікті «ТНК Қазхром» ұжымы қанжығасына байлады.

Әйелдер арасында «Алтай» клубы топ жарса, екінші орынға талдықорғандық «Жетісу» командасы ие болды. Ал қола жүлдені «Ертіс-Қазхром» командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ, ерлер арасындағы жоғарғы лигада «Динамо-Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс медальді «Ақтөбе» иеленсе, «Қайсар» қола жүлдені місе тұтты.

Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды. Екінші орынды «Тараз» иеленсе, елордалық «Оқушылар сарайы» командасы үздік үштікті қорытындылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: