Әр елдің ұлттық тағамдары
Әр елдің ұлттық тағамдары олардың мәдениетінен көрініс береді. Мысалы біздің қазақты бешбармақсыз, өзбектерді палаусыз, грузиндерді хачапурисіз елестету мүмкін емес.
Бүгін біз сіздердің назарларыңызға әр елдің ұлттық тағамдарын ұсынғалы отырмыз.
Хорватия: паг ірімшігі
Бұл әйгілі ірімшікті Паг аралында саулық сүтінен дайныдайды.
Италия: пицца
Классикалық пицца өте жұқа қамырдан әзірленеді. Оның ішіне қызанақ, моцарелла және түрлі ет тағамын салады.
Қытай: сяо лонг бао
Бұл – сорпада қалқып жүретін тұшпаралар. Оның пішіні хинкалиді еске түсіреді. Алайда оны әртүрлі сұрыптағы етпен бамбук себетіне дайындайды.
Үндістан: тандури тауығы
Бұл тағам йогурт пен дәмдеуіште маринадталған тауық еттерінің бөлігінен тұрады. Тандури тауығын көбіне үлкен саз балшықтан жасалған пеште дайындайды.
Канада: путин
Путин калорияға өте бай тағам.Оның құрамында фри картоптары, ірімшік және арнайы әзірленген соус бар.
Аргентина: асадо
Бұл тағамды шоққа пісіріп, оған нан, салат, чимичурри соусы және қызыл шарап қосып ішеді.
Австралия: бәліш-қалтқы
Бұл – еттен жасалған бәліш. Қалтқы деп аталу себебі қалың асбұршақ сорпасы бар тәрелкеде қалқып тұрады.
Грузия: хачапури
Ішінде ірімшігі немесе жұмыртқасы болатын бұл шелпекті бәріңіз білетін шығарсыздар.
Голландия: майшабақ
Голландиялықтар майшабақты бөлкемен және уақтап туралған жуамен жегенді жақсы көреді.
Жапония: кацудон
Бұл – жұмыртқа қосылған жаншылған шошқа еті. Оның үстіне күріш салады.
Дереккөзі: massaget.kz