Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы: Ертең не болатыны белгісіз, сол себепті отан үшін жан беруге дайын болу керек

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 18:29 zakon.kz
Мемлекет басшысы әскери қызметкерлерге мемлекет оларды бағалайтынын, оларға құрметпен қарайтынын, барлық қажеттілікпен қамтамасыз ететінін, ал оның қайтарымына олардан адал қызмет етуді күтетінін еске салды.

Бүгін Ақордада бірқатар әскери тұлғаларға мемлекеттік наградаларды табыстау салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскер әрқашан елді қорғауға және отан мен жер үшін жанын беруге дайын болу керектігін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан - бейбіт ел болғанымен, айналамыздағы елдермен тату өмір сүріп жатқанымызбен, бейбіт саясат жүргізіп отырғанымызбен, әлсіз болмауымыз керек. Қазіргі әлем құбылмалы. Ертең не болатынын ешкім білмейді. Бірақ елді қорғауға және отан мен жер үшін жаныңды беруге дайын болу қажет», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет әскери қызметкерлерден адал, сенімді қызмет етулерін күтеді.

"Ер азаматтар сол үшін дүниеге келдік әрі сол үшін өмір сүріп келеміз. Егер азамат дүниеге келсе, күндердің күні ол осы дүниеден өтеді. Қашан, қайда өмірден өтетінімізді білмейміз. Жауынгерлер отанды қорғап, соның жолында өз өмірін беруді өзінің басты міндеті санаған. Бұл жай сөз емес. Оны біз Ұлы Отан соғысынан, тарихтан білеміз. Мемлекет сендерді бағалайды, құрметпен қарайды, барлық қажеттілікпен қамтамасыз етеді, ал оның қайтарымына сендерден адал қызмет етуді күтеді", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: