Павлодарда қоқыс жәшігінен ардагердің медальдары табылды
Әлия Сәлімбаева
Сауда үйі қызметкерінің айтуынша, файлдың ішінде 15 медаль болған.
Павлодарда сауда үйінің қоқыс жәшігінен ардагердің төс белгілері табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
28-сәуір күні «Тұлпар» СҮ-нің дала сыпырушысы қоқыс жәшігінен біртүрлі қалта тауып алды. Табылған затты сауда үйінің техникалық қызметкерлер бойынша ауысым маманы Әлия Сәлімбаеваға берген. - Медальдар файлдың ішінде болды, - деді Әлия Сәлімбаева.
– Мүмкін оларды қолды еткен адам сата алмай құтұлудың амалын іздеп, осында тастай салған болар. Бақылау камералары сол жерде орналаспағандықтан, бағалы заттарды кім тастағанын көре алмадық. Төс белгілердің иесін немесе оның жақындарын тапқымыз келеді. Мен әлеуметтік желілерде хабарлама бергенмін, бірақ жауап жоқ. Сондықтан жақын арада оларды құқық қорғау органдарына тапсырамын.
Сауда үйі қызметкерінің айтуынша, файлдың ішінде 15 медаль болған. Олардың кейбіреуі бірнеше данадан. Төсбелгілер бірнеше ардагерге тиесілі болуы мүмкін.
Назым Қарабаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript