Қазақстанның алтын қоры Ұлыбританиямен теңесті

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:21 Baq.kz
Қазіргі таңда Қазақстан алтын қоры бойынша 100 мемлекеттің ішінде 18-орында тұр.

Ұлттық банк біртіндеп алтын валюта қоры жүйесіндегі бағалы металл көлемін арттырып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық алтын қоры бойынша бүкіләлемдік кеңес мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 1 мамырында құнды металл қоры 310,1 тоннаны немесе 42,5%-ті құрады.

2017 жылдың 1 желтоқсанында бұл көрсеткіш 291,9 тонна немесе 37,5% болған еді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық банкте 258,1 тонна алтын болған. Бұл бүкіләлемдік алтын қорының 27,1%-і.

Қазіргі таңда Қазақстан алтын қоры бойынша 100 мемлекеттің ішінде 18-орында тұр. Ал 17-орында Ұлыбритания. Оның қоры Қазақстанға қарағанда сәл көп – 310,3 тонна. Алайда бұл мемлекеттегі алтын көлемі бүкіләлемдік алтын қорының 8,4%-ін құрайды.

Жыл басынан бері жасалып келе жатқан есепке сәйкес, жүз мемлекеттің ішінде 1-орында АҚШ тұр. Аталған мемлекеттегі алтын қоры – 8 133,5 тонна. Көршілес Ресей елі 6-орында, жалпы қоры – 1890,8 немесе 17,6 %.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: