Мәскеуде көз жұмған қазақстандық студенттің денесі бүгін Астанаға жіберіледі
Baq.kz
Ресей басылымдары бойжеткенді ұрысып қалған жігіті терезеден итеріп жібергендігі туралы жазды.
4 мамыр күні кешкі уақытта қазақстандық студент Томирис Байсафаның денесі Астанаға жіберіледі, деп хабарлайды Baq.kz Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Бүгін кешке марқұмның денесі Астанаға жіберіледі. Бас елшіліктің қызметкерлері қазір ауруханада, жөнелтуге қатысты барлық шараны реттеп жатыр», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, 13 сәуір күні Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының студенті, 21 жастағы қазақстандық бойжеткен терезеден құлап кеткен еді.
Оған жедел түрде ота жасалған және 15 сәуірде Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігі оның жағдайы өте ауыр екенін айтқан. Ресей басылымдары бойжеткенді ұрысып қалған жігіті терезеден итеріп жібергендігі туралы жазды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript