Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

imgsmail.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2018 16:49 imgsmail.ru
Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық бөліктерінде жауын жауады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Қалған бөліктерінде жауын жаумайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетіп, кей жерде шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін жетеді, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: