Жаңалықтар тізбегі
0

Украинада 7 жасар миллионер бар

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда елдегі миллионерлер саны 16 пайызға немесе 559 адамға өсті.

Украинаның Черкассы қаласынан шыққан жеті жасар бала елдегі ең жас миллионер болып шықты. Бұл туралы Мемлекеттің фиксалды қызметі басшысының міндетін атқарушы Мирослав Продан мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Табысы бір миллион гривеннен асатын ең кәрі украиналық азамат – 99 жаста. Ол – Киев тұрғыны.

Өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда елдегі миллионерлер саны 16 пайызға немесе 559 адамға өсті.

«Бір миллионнан аса табысы бар (шамамен 38 мың доллар) 4 063 салық төлеуші декларация тапсырды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бір миллиард гривеннен жоғары табысы бар бір азамат бар болып шықты.

Ал елдегі миллионерлердің көп бөлігін құрайтын 2 270 адамның жасы - 45 жас және одан жоғары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: