Жаңалықтар тізбегі
0

Малайзияда 92 жастағы Махатхир Мохамад қайта билікке келді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 16:55 Сурет: zakon.kz
Бүгін Куала-Лумпурда сайлау өтіп, премьер-министр Наджиб Разак жеңіліске ұшырады.

92 жастағы оппозициялық партия өкілі Махатхир Мохамад жеңіске жетіп, Малайзия билігінде түбегейлі өзгерістер орын алуда. Бұл туралы Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

64 жастағы Наджиб көптеген дау-дамайға басы қалып, сайлау кезінде Махатхир партиясынан жеңіліс тапты. Ал Махатхир Мохамад бұрын елді 22 жыл басқарған, елде өткізіліп отырған 14-ші жалпыхалықтық сайлауға қатысу үшін зейнеттен қайта оралды.

Малайзиядағы ең беделді саяси отбасының мүшесі Наджибтің жеңіліске ұшырауы ұятқа қалғанын білдіреді. Оның Барисан Насиональ деп аталатын коалициялық партиясы ел тәуелсіздік алғалы бері 61 жыл бойы Малайзияны басқарып келген.

Парламенттегі 222 орынның 121-ін енді Махатхирдің коалициясы алатын болады. Ал Барисан Насиональ партиясы 2013 жылы сайлауда алған 133-орыннан енді тек 79-орынға ие болып қалды.

Наджиб партиясының кабинет өкілдері, министрлер мен олардың орынбасарлары штаттың маңызды 12 заң шығарушы органының сегізінде жеңіліске ұшырады.

Сайлау комиссиясының ресми мәлімдемесі бойынша, 14,3 млн сайлаушының 76 пайызы дауыс беруге келген. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-де сайлау учаскелері ашылып, кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасты. Бұл сайлау Наджибтің саяси мансабы аяқталып, Махатхирдің зейнетке шыққан соң 15 жылдан кейін тамаша жеңіспен оралғанын білдіреді.

Наджиб пен жаңа премьер Махатхир енді халық алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. 10, 11 мамыр күндері енді мемлекеттік мереке ретінде Малайзия тарихындағы ең маңызды күн болып жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: