Қостанай облысынан 60 бас ірі қара Ресейге жіберілді
Сурет: zakon.kz
Бұл – өңірде ет кластерін дамытып, экспортты еселеу жобасы аясында жасалған алғашқы қадам.
Қостанай облысының Қарабалық ауданынан 60 бас ірі қара Ресейдің Орынбор қаласына жіберілді, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл – өңірде ет кластерін дамытып, экспортты еселеу жобасы аясында жасалған алғашқы қадам. Аудандағы мал бордақылаумен айналысатын серіктестік енді ай сайын 300 бас ірі қараны тірідей Ресейге жөнелтіп отырады. Ол жөнінде екіжақты келісім бар. Биыл Қостанай облысынан көрші елге 2 мың тонна ет экспорттау жоспарланып отыр. Әзірге жіберілгені 170 тонна ғана. Алайда мамандар ет кластерін дамыту жобасы жаңа мұмкіндіктерге жол ашады деген пікірде.
- Қазіргі уақытта ветеринарлық құжаттарды рәсімдеу жағы былтырғымен салыстырғанда жеңілдетілген. Мысалы, өткен жылдары кем дегенде бір жұмаға жуық уақыт алатын болса, қазір 3-4 күннің ішінде құжаттарды рәсімдеп, уақытты үнемдей аламыз, - деді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Асан Әбдіров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript