Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда ауыл тұрғыны адасып қалған бұланды құтқарды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 15:20 Сурет: zakon.kz
Ол бұланды өрістен тапқан.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында адасып қалған бұланды ауыл тұрғыны құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таңертең ерте күнделікті әдет бойынша өрістегі малды қарап шығуға бардым. Бір сиыр бөлек тұрған секілді көрінді. Табынға қосайын деп жақынырақ барсам ұрғашы бұлан екен. Ол өте жүдеп кеткен, қашқақтап тұрды», - дейді Баянаулы ауданы Торайғыр ауылының тұрғыны Қуаныш Жәмиев.

Қуаныштың айтуынша, ол бұланды өрістен тапқан. Оны сиырға қосып шаруа қожалығында қалдырып, бірден орманшылыққа телефон шалып оқиғаны хабарлайды.

«Біз хабарды таңертең сағат тоғызда алдық та дереу шаруа қожалығына аттандық. Бұл бұланның аналығы. Жасы шамамен екі немесе екі жарымда. Былай қарағанда еш жарақаты жоқ», - дейді Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі Жасыбай бөлімшесінің жетекшісі Қуанбек Мәдин.

Қуанбектің айтуынша, бұлан бір орында тұрақтамай ауып кете беретін, алайда жалғыз-жарым жүрмейтін жануар. Сондықтан бұланға бірдеңе болған. Орман қорғаушыларының болжамынша ол біреулерден қашқан, шамасы аңшылар болуы мүмкін. Бұланды орманға қайтару үшін Баянауыл паркінің қызметкерлері құтқару операциясына кірісті. Үш мотоцикл, Нива көлігімен жануарлд орманға шейін айдап әкелді. Оларға Қуаныш Жәмиев пен оның ұлы Еламан жәрдем берді.

«Егер бұлан далалы жерде қалса, мынадай жүдеу-жадау күйінде өліп қалуы мүмкін еді», - дейді Қуанбек Мәдин.

Автор: Антон Гагарин

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: