Астанада ұстаздарға түлектер беретін сыйлықтарға тоқтам бола ма?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 15:49 Сурет: zakon.kz
Ведомствода мектеп директорлары мен ұстаздары тарапынан табысталған сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға өткізу фактісінің бірде-бір рет болмағанын атап өтті.

Мектеп бітіру кезінде дәстүр бойынша мектеп директоры мен ұстаздарына мектеп бітірушілер тарапынан естелік сыйлықтары беріледі. Осы тұрғыда Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналардан бағалы сыйлықтар әкелмеуді сұрайды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз әр жиналыста меңгерушілерге өздері де және олардың қызметкерлері де ата-аналардан бағалы сыйлық алмауы керектігі жайлы түсірдіреміз. Егер тек гүлмен шектелсе сол жеткілікті. Ата-аналардан ең жақсы сыйлық ол – ұстазға деген алғыс», - деді басқармада.

«Мектептер мен балабақшалар бойынша ата-аналарға ешқандай сыйлыққа ақша жинаудың қажеті жоқ екенін айтамыз», - деді Астананың Білім басқармасында.

Сондай-ақ ведомствода мектеп директорлары мен ұстаздары тарапынан табысталған сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға өткізу фактісінің бірде-бір рет болмағанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: