Жаңалықтар тізбегі
0

Абаев: Астананың 20 жылдығы шенеуніктер үшін тойланбайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 20:35 Сурет: zakon.kz
Елорданың 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту үшін республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге қарастырылған.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елорданың 20 жылдығын тойлауға бөлінген ақшаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астана – Қазақстанның визиттік карточкасы. Ел тәуелсіздігі дегенде, ең алдымен елорда ойға оралады. Астананың 20 жылдығы шенеуніктер үшін емес, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеленеді. Екіншіден, бұл бюджет бірнеше мемлекеттік органннан құралады. Бұл ақша қазір көбісі айтып жүргендей, кредиттік ақша емес. Тексеруші органдар қаражаттың орынды жұмсалған-жұмсалмағанын кез келген уақытта тексере алады", — деді министр.

Абаев БАҚ өкілдерін басты назарды мерекеге бөлініп жатқан ақшаға емес, кез келген ауқымды оқиғаның ел халқына келтірер пайдасын ойлауға шақырды.

"Сіздер үнемі бар назарды ақшаға аударасыздар, ал сол шараның бізге беретін мультипликативті әсерін ешкім ойламайды. Мәселен, инфрақұрылым қалады, қала дамиды, бәрі де қала тұрғындары мен қонақтары үшін. Жұмсалған ақша салық, түрлі шара түрінде ел қазынасына қайтып оралады", — деді Абаев.

Айта кетейік, Елорданың 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту үшін республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге бөлінген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: