Жерге астероид-елес жақындап келе жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 20:41 Сурет: zakon.kz
Аполлондар тобына жататын астероидты көзбен көру мүмкін емес, бірақ әуесқой телескоп арқылы көруге болады.

2018 жылдың 16 мамырында Астана уақытымен 04:05-те Жерге 2010 WC9 астероид-елес жақындайды. Бұл астероидты астрономдар жоғалтып алған еді, деп хабарлайды Тoday.kz.

Аспан денесі мен Жер 203 мың километрге дейін бір-біріне жақындайды (шамамен Айға дейін 0,53 қашықтық) әрі оның жылдамдығы сағатына 46 мың километрді құрайды.

Астероидтың диаметрі – 60-130 метр.

Алғаш рет астероид 2010 жылдың қарашасында көзге көрінді, содан кейін желтоқсанда ол өзінен-өзі көзден бұлбұл ұшқан. Аспан денесі 2018 жылдың 8 мамырында қайта пайда болды. Астрономдардың сөзінше, бұл астероидтың Жерге құлап кету қаупі жоқ.

2010 WC9 Жерге ең кем дегенде соңғы 300 жылда жақын келмеген. Мамандардың сөзінше, аполлондар тобына жататын астероидты көзбен көру мүмкін емес, бірақ әуесқой телескоп арқылы көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: