Ақтөбеде отбасы күнінде дүниеге келген әр сәбидің құрметіне ағаш отырғызылады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 23:25 Сурет: zakon.kz
2017 жылы Ақтөбе қаласында 12 514 бала дүниеге келсе, биыл жыл басынан бері 4 170 бала жарық дүние есігін ашқан.

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Сәбилер аллеясы» ашылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жаңа туылған сәбилердің құрметіне «Әр сәбиге – бір ағаш» атты акция басталады. Аталған шара бүгін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында арнайы «Сәбилер аллеясы» үшін бөлінген жерде өтеді. Әр ағашта ата-ана мен сәбиінің аты-жөні жазылған белгі болады.

Сондай-ақ, қала әкімі Ілияс Испановтың атынан биыл дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына құттықтау сертификаттары табысталады.

Айта кетейік, 2017 жылы Ақтөбе қаласында 12 514 бала дүниеге келсе, биыл жыл басынан бері 4 170 бала жарық дүние есігін ашқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: