Головкинге лайықты қарсылас табылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2018 23:30 Сурет: zakon.kz
Головкинге Golden Boy боксшысы Хайме Мунгия қарсылас бола алады.

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздің пікірінше, GGG-дің Сауль «Канело» Альвареспен айқасы болмаса, WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хайме Мунгия Геннадий Головкин үшін лайықты қарсылас бола алады, деп жазды Қазақпарат.

«Головкинге Golden Boy боксшысы Хайме Мунгия қарсылас бола алады. Ол «Канелодан» да мықты қарсылас болуы мүмкін, себебі ол өте жақсы бокстасады және допинг-тестен оң нәтиже көрсетпеген. Егер Головкин мен Мунгия таяу болашақта HBO PPV-да бір-бірімен айқасса, қызық болар еді. Мунгия «Канелоның» орнын алмастыратын мінсіз қарсалыс бола алады», - дейді Дэн Эмброуз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: