Трамп Ресейге қарсы жаңа санкция жоспарын құруды тапсырды
Сурет: zakon.kz
Конгресс бұл шараларды 2018 жылдың әскери бюджетінде талап еткен.
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Майк Помпеоға Ресейге қатысты шара қолдану үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Вaq.kz.
Трамп мұны Мәскеудің орташа және жақын қашықтықтағы ракеталарды тарату туралы шартты бұзуы мүмкіндігіне байланысты тапсырды.
Конгресс бұл шараларды 2018 жылдың әскери бюджетінде талап еткен.
Енді Помпео қаржы, қорғаныс, сауда министрліктері, сонымен қатар ұлттық барлаудың директорымен бірлесе жұмыс істеу керек.
Осыған байланысты Конгресс президенттен ресейлік шенеуніктерге қарсы шаралар жоспары туралы баяндама жасауды да талап етіп отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript