Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлық түлек тұңғыш рет ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 15:18 Сурет: zakon.kz
Ағылшын тіліндегі тест сұрақтары мен тапсырмалары ұлттық тестілеу орталығымен дайындалады.

Павлодар облысынан ағылшын тілінде ҰБТ тапсыруға тұңғыш рет бір түлек ниет білдірген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты. - «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Радамес Қылышбеков өз еркімен білімін тексеру мақсатында тест тапсыру үшін ағылшын тілін таңдап отыр, - дейді Жомарт Қарамбаев.

– Бұл түлектің жеке құқығы. Дегенмен, оларға қандай да бір жеңілдіктер қарастырылмаған. Ағылшын тіліндегі тест сұрақтары мен тапсырмалары ұлттық тестілеу орталығымен дайындалады. Биылғы жылы өтініштерді қабылдау бойынша база жабылды. Бәлкім, келесі жылы мұндай түлектердің саны арта түседі. «Білім-Инновация» лицейінің директоры Рамазан Баярдың айтуынша, Радамес Қылышбеков ағылшын тілі бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы. Болашақта ұстаз болуды немесе халықаралық қатынастар саласында қызмет етуді армандайды. Жомарт Қарамбаев аймақта «Алтын белгіге» үміткерлер саны 31 пайызға артқанын атап өтті. - Білім беру бөлімдерінің мәліметтері бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 215, - дейді Жомарт Қарамбаев.

- Олардың ішінде 67 мектеп бітірушісі - ауылдық аймақтардан. Мұндай көрсеткіш түлектер санының артуымен байланысты болуы мүмкін. Қазіргі таңда мониторинг жүргізіліп, барлық құжаттар тексерілуде. Былтырғы жылы 145 түлек «Алтын белгі» иегері атанған. Ерекше үлгiдегi аттестатқа үміткерлер саны – 109. «Алтын белгіні» алу үшін 5-11 сыныптар аралығында, яғни 7 жыл бойы таза бестік баға алу керек. Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, 10 наурыз-10 мамыр аралығында дайындалған базаға сәйкес, биыл аймақта мектеп бітіретін 3897 түлектің 2857-сі ҰБТ-ға қатысуға өтініш жазған. Бұл шамамен 73,3 пайызды құрайды және былтырмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары. Түрлі себептерге байланысты 1040 тестілеуге қатысудан бас тартқан. Ереже бойынша тест тапсырмаған түлектер еліміздегі жоғары оқу орындарына түсе алмайды, алайда арнайы білім беру орындарында білімін жетілдіреді. - Бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеруі – мүмкін, - деді Жомарт Қарамбаев.

- Өтініш берсе де, тестілеу күні бас тарту құқығы бар. Сондықтан бұл деректер өзгеріп отырады. Тестілеу елімізде 20 маусым – 1 шілде аралығына жоспарланған. Біздің өңірде қашан өтетіні туралы қосымша хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, биылғы жылы мектеп бітірушілері ұлттық бірыңғай тестті толықтай ағылшын тілінде тапсыра алады. Тесттегі сұрақтардың барлығы қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқаларымен сәйкес келеді.

Ақбота Сейсенбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: