Солтүстік Қазақстанға Қытай мен Германия тұрғындары көшіп келіп жатыр
Сурет: zakon.kz
Облыс ішіндегі көші-қон ағыны 40%-ға қысқарған.
Статистика департаментінің дерегі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында бірінші тоқсанда көші-қон процесі есебінен тұрғындар саны 959 адамға қысқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Статистиктердің айтуынша, өңірден кеткендер саны 33% азайып, 2,3 мың адамға жеткен. Сондай-ақ, өңірге тұрақты тұруға келгендер саны да күрт төмендеген.
Облыстан қоныс аударғандардың 98% көрші Ресейге кеткен. Олардың ішінде 85% - бұрынғы РФ азаматтары.
«Облыстың 90 тұрғыны әлемнің басқа елдеріне қоныс аударса, тұрақты тұруға 18 адам келген. Эмиграцияның негізгі елдері - Польша мен Германия. Келушілердің ішінде Қытай мен Германия тұрғындары бар», - деп атап өтті статистиктер.
Өңіраралық көші-қонда Ақмола облысы мен Астана тұрғындарының саны басым. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтар осы өңірлерге жиі қоныс тебуде.
Облыс ішіндегі көші-қон ағыны 40%-ға қысқарған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript