Жаңалықтар тізбегі
0

Си Цзиньпин Қытайда марксизм орнатпақ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 16:26 Сурет: zakon.kz
Пекиндегі бұл шараларды қорытындылаған елдің негізгі идеологы Ван Хунин Си Цзиньпин ойларын «21-ғасыр марксизмі» теориясына теңеді.

Си Цзиньпин өзі билік еткен соңғы жылдары Карл Маркс идеяларын ұстанады. «Неліктен?» деген сауал мамыр айында Маркстың туғанына 200 жыл толған мерейтойды тойлаудан соң туындады. Бұл туралы Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Неміс философы Маркстың саяси теориясы капитализм қаупі мен жұмысшылар құқығына арналған. Ол әлемдегі социалистік елдер мен Қытайдың негізгі идеологиясына айналған. Бір апта бойы Қытайда Маркстың туған күні тойланып, философтың «коммунистік манифесті» шенеуніктерге міндетті пән ретінде оқытылды.

«Маркс дұрыс айтқан» деп аталатын бес сериялы шоу бүкіл Қытай экрандарында көрсетіліп, Пекин Маркстың туған жері Германияның Трир қаласына үлкен ескерткіш сыйлады.

Пекиндегі бұл шараларды қорытындылаған елдің негізгі идеологы Ван Хунин Си Цзиньпин ойларын «21-ғасыр марксизмі» теориясына теңеді.

Канададағы Британиялық Колумбия университетінің Азия мәселелері бойынша зерттеу институтының қызметкері Венран Цзян марксизм Қытайдың коммунистік басқарушылары үшін «маңызды құралы» болса, Си және оның жақтастары оны енді өзге мақсатта пайдалануға тырысып жүр.

«Олар Қытайдың дамуы капитализмнен бас тарту арқылы орын алып жатыр дейді. Ел экономикасын бір ғана партия басқарса, адамдар кедейшіліктен құтылып, жемқорлықтан арылады. Әділетті қоғам құрамыз», - деп айтып жүр деді Цзян.

4 мамыр күні сөйлеген сөзінде Си марксизмнің маңызы туралы айтып, оны қытайлық қоғамға бейімдейміз деп уәде берді. Халық Сидің бұл сөзіне орнынан тұрып, шапалақ ұрды.

2012 жылы билік басына келгелі бері Си әлемдегі ең тығыз орналасқан, халқы көп елде қатаңдық танытып, қоғамның барлық салаларына партия билігін орнатқысы келді. Құқық қорғаушы белсенділер мен еркін ойын айтушыларды ол қатаң жазалап отырды.

Оның 21-ғасыр марксизмі идеясы көптеген сарапшылардың ойынша авторитарлы капитализмге жақын. Бұл Батыс жұртының үрейін тудыратын факт дейді сарапшылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: