Қарағандыда ата-ана ауыр дертті сәбилерін ауруханаға тастап кетті
Baq.kz
Анасы екі сағатқа сұранып кеткен, арада екі апта өтті, әлі келген жоқ.
Қарағанды қаласындағы балалар ауруханасында жатқан оқырман редакцияға хабарласып, қасында ата-анасы тастап кеткен бала жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Саламатсыздар ма! Сіздерден көмек сұраймын! Мен баламмен бірге Майқұдық балалар ауруханасында жатырмын. Бұл жерде 1 жас 1 айлық мүмкіндігі шектеулі сәби жатыр. Анық-қанығын білмеймін, бірақ оның жүрегі ауырады. Жүрегіне ота жасалған. Анасы оны осы жерге үнемі тастап кетеді. Ол екі сағатқа сұранып кеткен, арада екі апта өтті: әлі келген жоқ. Медициналық қызметкерлер сәбидің анасын табу үшін ешқандай әрекет жасамайды. Сәби палатада жалғыз жатады. Оның жөргегі де жоқ, сәбиге арналған заттары да жоқ және тоқтамай жылайды. Осы бөлімшеде жатқан балалардың аналары жиналып, жөргегін, сүтін алып береміз. Сәбиді кешке жақын жуындырып, тамақтандырам. Жүрегім қан жылайды. Анасы телефонын көтермейді, ал әкесіне хабарлассам, балағаттап қоя салады», - дейді оқырман.
Тілші сәбидің анасымен байланысқа шығып көрді. Әңгіме не туралы өрбитінін түсінген ол телефон тұтқасын қоя салды. Ал әкесінің ұялы телефоны сөндірулі.
«Бүгін ауруханадан шығамыз. Сәбидің тағдыры не болатынын білмеймін. Оған жаным ашиды. Көмектесіңіздерші, өтінем!» - дейді оқырман келіншек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript