СҚО-да шұжық құрамынан левомицетин препараты анықталды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 15:34 24.kz
Аталған тауарлардың Петропавлға Омбы облысымен Орал қаласынан жеткізілгендігі белгілі болды.

Солтүстік Қазақстан облысында шұжық құрамынан антибиотик табылды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары шаһардағы сауда орындарында арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізіп, ет өнімдерінің құрамынан мөлшерден тыс левомицетин препаратын анықтаған, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Аталған тауарлардың Петропавлға Омбы облысымен Орал қаласынан жеткізілгендігі белгілі болды. Қазір осы дерекке байланысты арнайы комиссия құрылды. Сауда айналымынан 12 келіден астам шұжық алынып тасталды. Ал тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айнаш Сағандықова, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекші маманы: – 12 келіден астам шұжықты жою туралы шешім қабылданды. Және де алдағы уақытта осы өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтен өткізу мақсатында басқарма мамандары әлі де осындай шараларды жүргізіп тұрады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: