Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 17:23 Baq.kz
Жолаушылар пойыздардың қозғалысын «Алматы қ. метрополитені» қосымшасынан автономды режімде қадағалай алады.

1 маусымнан бастап Алматы метрополитені пойыздар қозғалысының жазғы кестесіне көшеді. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«1 маусымнан бастап пойыздар қозғалысының интервалы 6.30-дан 9.20-ға дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін 10 минут, басқа уақытта және демалыс күндері электрпойыздарының қозғалыс интервалы 13 минутты құрайды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жолаушылар пойыздардың қозғалысын «Алматы қ. метрополитені» қосымшасынан автономды режімде қадағалай алады. Қосымшада пойыздар кестесі, метрополитен бекеттері туралы ақпарат, галерея, google-картада бекеттердің орналасуы, метрополитен тарихы, сондай-ақ жолақы құны және төлеу тәсілдері көрсетілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: