Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы дауылдан кейiн Төтенше жағдайлар департаментiне жүздеген қоңырау түскен

Baq.kz Baq.kz
Ресми өкiлдiң айтуынша, соққан желдiң жылдамдығы 21 м/с болған.

Астанадағы дауылдан кейiн қалалық Төтенше жағдайлар департаментiне бiр сағат iшiнде 300-ден астам жедел қоңырау түскен. Тұрғындар дауылдан зардап шеккен тұрғын үй, ғимарат, көлiк пен басқа да шұғыл жайттар бойынша хабарласуда. Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментiнiң ресми өкiлi Аягөз Фазылова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгiн Астана қаласында бiрнеше оқиға тiркелдi. Айтып кететiн жағдай, әдетте 112 қызметiне, бiзге тәулiгiне 2 мыңға жуық телефон қоңырауы түссе, бүгiн соңғы бiр сағатта 300-ден астам қоңырау түстi. Бұның көбi - төтенше жағдайлар. Ең бiрiншi жағдай - кранның құлауы. Кранды жөндеу барысында ол қатты желдiң күшiнен құлап түскен. Бұл жағдайдан зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Сондай-ақ, Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайының сыртқы бөлiгi бүлiнген. 43-шi мектеп, Ұлттық мұражай, «Олимп Палас» тұрғын үй кешендерiнiң шатырлары ұшып кеткенi туралы жедел ақпарат келiп түсiп жатыр», - дедi брифингте Фазылова.

Ресми өкiлдiң айтуынша, соққан желдiң жылдамдығы 21 м/с болған. Дауыл 5 минут соққан. Аягөз Фазылова «Қазгидромет» бүгiн желдiң күшi 15 м/с жетедi және жаңбыр, бұршақ жауады деп ескерткенiн ғана айтты. Егер «Қазгидромет» дабылды ескерту жариялау туралы мәлiмет берсе, ТЖД тұрғындарға смс хабарлама таратушы едi. Ақпарат болмағандықтан, ТЖД хабарлама жiбермеген. Ал, қазiр төтенше жағдай қызметкерлерi оқиға орындарында жұмыс iстеп жатыр.

«Қала тұрғындарына ескертетiнiмiз: ауа райының қолайсыздығын байқасаңыздар, әртүрлi мессенджерлерде ауа райының қолайсыздығы туралы жазылып жатса, қауiпсiздiк шараларын сақтаңыздар. Көшеде кетiп бара жатсаңыз, құрылыс маңынан алшақтау жүрiңiздер. Сондай-ақ, жарнама щиттерiнiң маңына жоламаңыздар. Ауа райы қолайсыздығы сезiлсе, балаларды жалғыз далаға жiбермеңiздер», - деп ескерттi А.Фазылова.

Еске сала кетсек, бүгiн күндiз елордада қатты дауыл соғып, ғимараттар мен көлiктерге зақым келдi.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: