Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар университетінің студенті жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2018 16:40 www.zakon.kz
52,2 келі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Аян Тұрсын жарыс жолында қарсыластарынан ұпай санымен басым түсті.

Әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА версиясы бойынша VI Қазақстан чемпионатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Аян Тұрсын алтын медальға ие болды, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Республикалық ережесіз жекпе-жек Федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты.

52,2 келі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Аян Тұрсын жарыс жолында қарсыластарынан ұпай санымен басым түсті. Ал, финалда клубтасы Толқын Дәуренбекованы техникалық нокаутпен жеңіп, мерейі үстем болды. Жеңімпазды бокстан Қазақстанның сегіз дүркін және әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай марапаттады.

– Бүгінде дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі – жекпе-жек өнері жандана түсуде. Оның ресми ережелері бекітіліп, дара спорт түрі ретінде тіркелді. Осы тақілеттес турнирлер талантты жастарды анықтауға септеседі. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алып жүрген Аян ережесіз жекпе-жекпен бірнеше жылдан бері айналысады. Ол бұған дейін көптеген жарыстарда қарсылас шақ келтірмеді. Алдағы уақытта да талай бәсекелесін шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол еңбекқор және төзімді. Бұл қасиеттер спортта толағай табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, – дейді Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Әлия Еселбаева.

Аян Тұрсын 1994 жылғы 23 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Аталған спорт түрімен 10 жылдан бері айналысып келеді. Жас спортшының қоржынында қазір 25 алтын, 16 күміс, 15 қола медаль бар. Атап айтқанда, А. Тұрсын әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА версиясы бойынша Азия чемпионатының күміс медаль иегері, ушу-сандадан екі дүркін ел чемпионы, татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар, ол таэквондодан, ушудан және жекпе-жектен спорт шебері.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2018 16:40

– Аян, осы спорт түрін түрін таңдауыңызға не себеп болды?

– Мен өзім кішкене кезімнен ұл балалардың арасында өстім. Көшеде де тек ұлдармен ойнайтынмын. Алматының «Шаңырақ» ықшамауданындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде оқыдым. Онда да айналамда көбіне ұлдар болды. Мүмкін сол әсер еткен болар.

– Спорттық мансабыңыз турасында айтып өтсеңіз...

– Мен негізі аралас жекпе-жекке ауыспай тұрып, таэквандомен айналысып, аталған спорт түрі бойынша талай рет жарысқа шыққанмын. Аралас жекпе-жектен әйелдер арасындағы халықаралық сайыстарға өткен жылдан бастап қатыса бастадым.

– Неге аралас жекпе-жекке ауыстыңыз? Бұл таэквандоға қарағанда жарақат алу қаупі көп спортқа жатады ғой?

– Себебі, таэквандода электронды жүйе пайда болды. Бұрын шынымен төбелесетін болсақ, қазір тек адам бір жеріне тигізсе болды ұпай алады. Сол үшін маған қызық емес болып қалды. Шынайылық жоғалып кеткен сияқты. Былтырдан бастап ММА ауысып жарыстарға шыға бастадым.

– Алда қандай жоспарыңыз бар?

– Ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпонаты өтеді. Қазір сол жарысқа дайындық үстіндемін. Бұл тұрғыда маған сенім артып, жаттықтырып жүрген бапкерім Нұрлан Мамыралиевке үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жеңіске жетуіме басты себепкер болған сол кісі. Болашақта әуесқой жекпе-жектен кәсіпқой түріне ауыссам деген ой бар. Әлем чемпионы атағына қол жеткізген жағдайда бапкерлікке кетемін. Бүгінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 3-курста оқып жатырмын.

– Әңгімеңізге рақмет! Жеңісті күндерде жүздескенше!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: