Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Назарбаевтың қатысуымен KADEX-2018 көрмесі ашылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2018 17:31 Baq.kz
Халықаралық көрмеде әлемнің 28 елінен 318 кәсіпорын әскери өнімдерін көрсетеді.

Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Халықаралық көрмеде әлемнің 28 елінен 318 кәсіпорын әскери өнімдерін көрсетеді. Олардың арасында Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сынды мемлекеттер бар.

Шараны алғаш рет ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен мекеме басшылары, әрі шетелдік ірі әскери кәсіпорындардың өкілдері қатысады.

Сондай-ақ KADEX-2018 көрмесіне 108 шетелдік кәсіпорынның басшылары келеді деп жоспарланған.

Халықаралық көрмеде әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарақ және әскери техника, әскери өнімдері, ғарыш техникалары мен технологияларының үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелері ұсынылады.

Биыл көрмеде 10 павильон жұмыс істейді. Түркия, Қытай және Ресейдің жеке 3 павильоны болады.

Сондай-ақ шарада «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, әрі ғарыш саласының жетекші үлгілері ұсынылатын жеке павильон құрылады.

Айта кетейік, «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: