Астанада күмәнді ет сатқандар анықталды
Фото: Zakon.kz
Астанада ет өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан екі кәсіпорын анықталды.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алған.
Етті өңдеу рұқсат құжаттарынсыз және антисанитарлық жағдайларда жүргізілгені белгілі болды.
Сондай-ақ, тағы бір тұрғын өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.
Тәркіленген еттің сапасын тексеруге сараптама тағайындалды. Заңбұзушылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript