Астанада заңсыз ет сатқандар әшкереленді

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса, мясной отдел, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 13:30 Фото: Zakon.kz
Астана полициясы "Әлем" базарында сапасы белгісіз ет өнімдерін өткізу арнасын тоқтатты.

"Мал ұрлығы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеумен айналысқан 41 жастағы ер адамның заңсыз әрекеті анықталды.

Анықталғандай, ер адам сыйақы үшін ет өнімдеріне мөр басып, сатушыларға қажетті рұқсат құжаттарынсыз өнімді сатуға мүмкіндік берген. Оның қолданған мөрі тәркіленді. Жалған құжаттарды, мөрлер мен штамптарды жасап, таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар нарық әкімшілігіне мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында шаралар қабылдау жөнінде полиция тарапынан ұйғарым енгізілді.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Полиция ет өнімдерін сатып алу кезінде ветеринариялық құжаттардың дұрыстығын мұқият тексерудің маңыздылығын еске салады. Өнімнің заңды жеткізілуіне күмән туындаған жағдайда, дереу "102" нөміріне хабарлау қажет.

Іс-шара аясындағы рейдтер мен тексерулер жалғасуда. Астана полициясы сапасы белгісіз ет өнімдерін өткізудің жолын кесіп, қала тұрғындарын қауіпті және сапасыз өнімнен қорғауды жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: