Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда шомылу маусымы ашылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 17:12 ҚазАқпарат
Әдетте, атыраулықтар үшін шомылу маусымы маусым айында басталады.

Атырауда аптап ыстық басталғандықтан Орал өзенінде шомылу маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдетте, атыраулықтар үшін шомылу маусымы маусым айында басталады. Алайда биыл ауа температурасының 35 градусқа дейін көтерілуіне байланыста өзен суы да жылыды. Бұл маусымның ертерек басталуына мүмкіндік ашты.

«Өткен жылы 21 адам суға кетті. Биыл маусым басталмай жатып облыста 4 адам судың құрбаны болды. Олардың барлығы балалар. Суға ағып бара жатқан 10 адам құтқарылды. Ата-ананың бақылауынсыз қалған балалар рұқсат етілмеген жерлерге барып жүзеді. Салдарынан осындай оқиғалар жиі тіркеледі. Ал ересек адамдар көбіне суға мас күйінде түсіп, мерт болады» - деді Батыс өңірлік жедел-құтқару жасағының басшысы Ербол Бірәлиев.

Биыл Атырау облысы су қоймаларына құтқарушылар қауіпті ескертетін жүздеген белгілерді қойып, алдын ала дайындықты бастап кеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: