Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде жалған емші келіншектерді бала көтертіп, бедеуліктен емдеймін деп алдап келген

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 18:06 Stan.kz
Ендігі зейнеткерге алданып, сан соғып қалған әйелдер саны 13 адамға жетіп отыр.

Семейде 10 жылдан бері бала көтере алмай жүрген әйелдерге бала көтертіп, бедеуліктен емдейтінін айтып алдап келген зейнеткер ұсталды. Ол бала сүюге ықпал ететін дұға оқып, бұл әрекеті үшін қомақты қаржы талап еткен, деп жазады Stan.kz.

57 жастағы зейнеткерге алданған әйелдердің сөзінше, ол сенімдеріне кіріп, түрлі дәрі-дәрмектер берген. Ал оған сенген әйелдер сәбилі болу үшін, несиеге ақша алып, үйлерін сатып, қарызға ақша алып тапқандарын зейнеткердің қолына ұстатқан. Әйелдердің сөзінше, ол жасаған ем-домы үшін 3 миллион теңгеге жуық ақша алған.

Ал зейнеткер берген дәрі-дәрмектер мен суды ішіп, майды жаққан әйелдердің іші аяқастынан дөңгеленіп шыға бастаған. Сондықтан олар сәбилі болатынынан үміттенген екен.

«ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі біріңғай тергеп- тексеру тізіміне еңгізіліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қолхатпен босаттық», – дейді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Ендігі зейнеткерге алданып, сан соғып қалған әйелдер саны 13 адамға жетіп отыр. Олар жалған емшінің дәрісін ішіп, денсаулығын құртқанын айтуда.

Айта кетсек, Өскеменде қарғысты кетіремін деген 22 жастағы балгер қыз зейнеткерлерді тонап келген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: