Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда аюлар төрт түлікке шабуылдауда

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 22:30 Baq.kz
Облыстың көп жерінде аюдың шабуылдау жағдайы тіркеліп жатыр.

Өңірде жыртқыш аңдардың омарта мен төрт түлікке шабуылдау жағдайы бірнеше рет болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Еске сала кетсек, Ұлан ауданының маңындағы ауылдардың бірінде аю алты сиырды жарып кеткен болатын. Бұл облыс аумағында болған бірінші жағдай емес екені анықталды.

«Облыстың көп жерінде аюдың шабуылдау жағдайы тіркеліп жатыр. Олар омартаны ойрандап, малды қырып кетеді. Көбінесе үй жануарлары олардың құрбаны болып жатады. Аюдың алты сиырды жарып кетуі – сирек кездесетін қатігездіктің белгісі. Олардың көзін құрту керек», - дейді Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман және аңшылық шаруашылығы жасағының жедел әрекет ету бөлімі бастығының орынбасары Василий Ткаченко.

Алайда, аюды өлтіруге қатысты жоспары жоқ.

«Бізде аңды өлтіруге заңды түрде құқығымыз жоқ. Рұқсат алу үшін көптеген құжат жинау керек. Ол құжаттарды жинағанша аю ізін жасырады. Біз қазірдің өзінде оны қайдан іздеу керек екенін білмейміз», - дейді ол.

Аңшылар аю Ұлан ауданында басқа да төрт түлік малға шабуыл жасауын жалғастыруы мүмкін екенін айтады. Оның табиғи мекен ететін жерінде қазіргі уақытта айтарлықтай қорек жоқ, сол үшін ол ауылдарды жағалауға мәжбүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: