Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов қайта қосылған ба

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2018 19:00 Stan.kz
Күні кеше Сейітмағамбет бұрынғы жары Айдарқұловпен бірге отбасылық байқау ұйымдастырып жатқанын хабарлады.

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловты бірге көрген жұрт атышулы жұпты сынай жөнелді, деп жазады Stan.kz.

Дәурен мен Ақботаның хикаясы “Гламур для дур” фильмінен басталған. Түсірілім кезінде бір-біріне ғашық болып қалған өнер иелері көп ұзамай көңіл жарастырды. Артынша балалы болды. “Мұсылманша некемізді қидық” деген олар үлкен тойға жетпестен айырылысып тынды. Бұдан кейін Ақбота “бір жасаған қатемді екінші қайталамаймын” деген болатын.

Алайда күні кеше Сейітмағамбет бұрынғы жары Айдарқұловпен бірге отбасылық байқау ұйымдастырып жатқанын хабарлады. Жас әншінің әрекетін көпшілік түсіне алмады. Олар “қатесінен сабақ алмапты”, “халықты ақымақ қылып бітті” деп сынға алса, екіншілері Дәурен мен Ақбота тек бизнес үшін осындай қадамға барып отыр деп болжады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: