Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ-ның лицензиясын тоқтатты

zonakz.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2018 21:44 zonakz.net
Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен 2018 жылғы 28 мамырдан бастап қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейін "Астана Банкі" АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл шешім Ұлттық банктің банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдағанды", - делінген хабарламада.

Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 53,0 миллиард теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,6 пайызын құрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: