Шымкентте сапасыз шатырдан су сорғалап тұр
Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйдің төбесінен су сорғалап тұр. Нұрсәт шағын ауданындағы тоғыз қабатты үй тұрғындары арнамызға осылай деп шағым айта келді. Бұл туралы zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Подъезде бізде осындай новоднение. Мына кабельдер замыкание болады. Тұрғындар бұл үйге 2013 жылы қоныстанған.
Содан бері жауын-шашынмен алысып келеміз,- дейді. Әсіресе жоғарғы қабатта тұратындарға қиын.
Бұл үй балалар үйінде тәрбиеленгендер, мүгедектер мен болашағы жоқ деп танылған ауылдан көшіріп әкелінген отбасыларға тегін берілген. Жалдамалы пәтер ретінде.
Құрылыс бөлімінің айтуынша мердігер мекеменің кепілдік мерзімі әлдеқашан біткен. Бірақ шағымға сәйкес екі рет шатыр жабындысы жөнделген.
Рабила Жанилова, үй төрайымы: 2020 бағдарламамен бергенде жұртқа заң бар да, бұл балалар үйі мен келешегі жоқ ауылға бізге заң жоқ па сонда?! Біз шырылдап жетіскенімізден алған жоқпыз ғой бұл үйді. Біздің ауылдан уран шықты деп көшіріп әкелген.
Ғалымжан Өтенбаев, Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары: Қаладағы меценат мекемелерге ұсыныс жасалды, өзінің есебінен жөндей алмайды деп балалар үйінің түлектері. Сол есептен қазіргі таңда меценаттар қызығушылық білдіруде, ағымдағы жөндеуден өткізіп береміз шатырын.