Жаңалықтар тізбегі
0

Сағадиев: Облыстардағы методикалық кабинеттер әдістемелік жаңалықтарды өңірлерде жетілдіреді

bnews.kz bnews.kz
Бүгінде республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мен орталықтардың заңнамалық тұрғыда мәртебесі беріліп, деңгейі бекітілген.

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында депутаттар Білім және ғылым министрлігінің жанынан республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, сондай-ақ, салалық бейімдер бойынша оқу әдістемелік бірлестіктерін құру көзделіп отырғандығы жайында министр Сағадиевке сауал қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарында оқу әдістемелік және ғылыми әдістемелік жұмысқа басшылық пен оларды үйлестіру облыстық білім басқармаларының әдістемелік кабинеттеріне жүктелген. Осы оқу-әдістемелік кеңестің қазір жұмыс істеп тұрған әдістемелік кабинеттермен іс-қимылы қалай екендігі жайында министр Сағадиев түсіндіріп айтты.

Республикалық оқу-әдістемелік коммиссиямыз және кеңесіміз, оқу әдістемелік орталықтар бағыт-бағыт бойынша бөлінген. Бір үлкен жүйе болып 15-20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. Біз барлығымыз жаңа әдістемелік жаңалықтарды, бағдарламаларды, пилоттық жоба болсын, жаңа методикалар болсын, соларды ақылдасып, қарау, пилоттау, тексеру, ұсыныстар жинау, пікір жинау барлығын сол жүйе арқылы еңгізіп отырмыз. Ал облыстардағы методикалық кабинеттер сол жұмыстарды әрмен қарай жалғастырады. Олар еңгізу, байқау, түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Осы екі система 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Біз тек қана осы республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және орталықтарының заңнамалық тұрғыда мәртебесін беріп, деңгейін бекітіп отырмыз,- деді министр Сағадиев.

Әйгерім Тарина

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз