Семейде он күн бұрын жоғалып кеткен қыз іздестірілуде
Baq.kz
Бойжеткенді соңғы рет 19 мамырда көрген.
18 жастағы Зарина Григоренконың туыстары бей-жай қарамайтын адамдардан көмек сұрайды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бойжеткенді соңғы рет 19 мамырда көрген. Ол 71 квартал ауданындағы үйінен педагогикалық колледжге оқуға кеткен, бірақ ол баратын жеріне жетпеген.
«Ол ешкіммен сөзге келмейтін, табиғатынан салмақты қыз еді. Оны үйлену үшін алып қашуы мүмкін деген күдік бар, бірақ бұл әлі расталған жоқ. Сәуір айында оны алып қашып кеткен, бірақ біз тез арада оны үйге қайтарып алдық. Сол кезде үлкен дау-дамай болған», - дейді жоғалып кеткен студенттің әпкесі.
Құқық қорғау орындары күдіктілерден жауап алды, бірақ студентті қалай табудың жолы әлі белгісіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript