Дәрігерлер менингитпен түскен баланы не себепті бес күннен соң жатқызғанын түсіндірді
Елордалық инфекционист Анна Бринстендің айтуынша бала анамнезге сәйкес бірнеше күн бойы ауырған. Баланың дене қызуы жоғары болған соң, кез келген инфекция бастауы мүмкін. Дәрігерлер менингитпен келген баланы не себепті бес күннен соң ғана ауруханаға жатқызғанын осылай түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Құсу, жүрек айну, асқынған түрінде дене бөрітіп, ал жергілікті формада назофарингит типі бойынша жалғасады, яғни ЖРВИ типі бойынша, деп түсіндірді дәрігерлер.
«Ол бізге кеше фебрильді дене қызуымен түсті. Бүгінгі күні баланың қызуы түсті. Жағдайы қалыптанды. Фебрильді деген 38,5 және одан жоғары», - деді инфекционист журналистермен болған баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, балада инфекцияның асқынған түрі емес.
«Менингококктық инфекиция жалпы белгілерден басталады: дене қызуы жоғары, бас ауруы. Егер кішкентай бала болса, ол басының ауырғанын айта алмайды. Құсу, жүрек айнуы және денесінің бөртуі ол ауыр түрі, ал локализациялық түрлі ол назофарингит, яғни ЖРВИ типі бойынша жалғасады. Балаларда ең алдымен жергілікті формадан бастап асқынған түріне ауысады. Жергілікті түрі ЖРВИ сияқты мұрынның сулануы, жөтел, бәлкім субфебрильден фебрильді сандарға дейін дене қызуы болған шығар. Сол себепті жедел жәрдем дәрігерлері немесе фельдшерлері, мен кімнің қызмет көрсеткенін білмеймін, баланың жағдайын қарапайым ЖРВИ ретінде тіркеді. Қандай диагноз анықталғанын мен айта алмаймын, бірақ бала бізге өте ауыр хәлде түсті. Жағдайы аса ауыр деңгей санатына жатты. Әрі ол тез қалпына келді», - деді Бринстер.
Оның айтуынша, зерттеу қорытындысы алынды. Neisseria meningitidis бактериясы бөлінді, Ц серотипі, алайда қазіргі уақытта менингокктық инфекцияны анықтау және растау үшін Астана қаласының референс-лабараториясында жүргізіледі. Сол кезде нақты диагноз қойылады.
«Бізде менингококқа ұқсайтын алдын ала диплококк болды. Қазір біз саралап болған соң, бұл қандай қоздырғыш екенін нақты білетін боламыз.Өткен 2017 жылы біздің стационар бойынша менингококктық инфекцияның 5 оқғасы тіркеліп, зертханамен расталды», - деді инфекционист.