Данияр Елеусінов Ұлыбританиядағы жекпе-жегіне дайындығын аяқтады

vesti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 21:22 vesti.kz
Жаттығуды отандасымыз АҚШ жерінде өткізді.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Еуеусінов алдағы кездесуіне АҚШ жерінде жаттығуын аяқтап, жекпе-жекті өткізу үшін Ұлыбританияның астанасы Лондонға келеді, деп жазады vesti.kz.

Бұл туралы танымал америкалық сарапшы Берни Бармасель өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Қазақсандық Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусинов (1-0, 1КО ) Флоридадағы жаттығу жұмыстарын аяқтап, ертең Лондонға жол жүреді", - деп жазды Берни Бармасель.

Алдағы кездесуге отандасымыз 54 жастағы америкалық маман Джон Дэвид Джексонның қол астында дайындалды.

Еске салайық, Елеусіновтің келесі кездесуі 6 маусым күні Лондондағы York Hall спорт кешенінде өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 6 маусымнан 7 маусымға ауысқан түні Астана уақытымен 01:55 те басталады. Қазақстандық боксшының қарсыласы анықталған жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 21:22

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: