Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада менингитке шалдыққан азамат қайтыс болды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2018 17:27 ҚазАқпарат
Санаулы күндерден кейін қызылордалық дәрігерлер екпе жұмыстарын бастамақ.

Өткен аптада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококты инфекцияны жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелген еді. 1991 жылы туған азамат дереу ауруханаға жатқызылып, емдеу шаралары басталып кеткен болатын. Алайда, дәрігерлердің еңбегі еш кетіп, науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір дәрігерлер инфекцияның тұрғындар арасында тарап кетпеуі үшін алдын - алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Марқұммен тығыз қарым - қатынаста болған 15 адамның сараптама нәтижелері теріс шықты. Ешқайсысынан менингит анықталған жоқ. Барлығы үйлеріне қайтарылды. Дегенмен, алдағы уақытта дәрігерлердің бақылауында болады. Арнайы құрылған штаб жұмысын жалғастырып жатыр. Аудандық аурухана қызметкерлері үй-үйлерді аралап, насихат шараларын атқаруда», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Санаулы күндерден кейін қызылордалық дәрігерлер екпе жұмыстарын бастамақ. Республикадан арнайы дәрі-дәрмектердің жеткізіледі деп күтілуде.

Айта кету керек, марқұмның қандай жағдайда инфекцияны жұқтырғаны белгісіз. Ол өзге облыстарға бармаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: