Қостанай облысында 6 жасар баланы темір есік басып қалды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2018 21:22 sputniknews.kz
Пәтерден жиһазды шығарып жатқан кезде темір есік баланың үстіне құлаған.

Қостанай облысының Лисаковск қаласында 6 жасар баланың үстіне темір есік құлап мерт болды, деп жазады sputniknews.kz "Алау" порталы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 маусымда көпқабатты үйде пәтерден жиһаз шығарып жатқан кезде болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кіреберіс темір есік бекітілмеген екен, ол 2012 жылы туған баланың үстіне құлаған.

Жарақат алған ер бала қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: