Сауд-Арабиялық әйелдерге алғаш рет жүргізуші куәлігі берілді
sn.kz
Алғашқы он әйелге Әр-Риадтағы жол қозғалысы басқармасында емтихан тапсырғаннан кейін жүргізуші куәлігі берілген.
Саудиялық алғашқы он әйел Сауд-Арабиясында жүргізуші куәлігіне қол жеткізді, деп жазады Sn.kz.
Сауд-Арабия үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, алғашқы он әйелге Әр-Риадтағы жол қозғалысы басқармасында емтихан тапсырғаннан кейін жүргізуші куәлігі берілген.
Енді олардың барлығының жүргізуші куәліктері АҚШ, Ливан және Канада елдерінде де жарамды.
Еске салайық, Сауд-Арабиясында ханзада Мұхаммед бин Салманның бастамасымен әйелдердің көлік жүргізулеріне салынған тыйымның күшін жоюы қарастырылып, ақыры ол заң осы жылдың 24 маусымында күшіне мінеді деп күтілген еді. Енді, соның дайындығы ретінде, алғашқы он әйел Сауд-Арабиясының тарихи оқиғасын бастап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript