Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр
Қытайда есірткі тасымалы үшін сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай түрмеде қытайларға ағылшын тілін үйретіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz.
Қытайдағы Қазақстан елшілігінің қызметкері 22 мамырда Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын біліп қайтқан. Бойжеткен денсаулығы, түрмеде ұстау жағдайы мен тамаққа, басқа да мәселелерге қатысты шағымданбаған.
«Ол өзін бірқалыпты сезінеді. Түрмеде отырған уақытында қытай тілін жақсы меңгеріп алған. қытайлықтарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Дене шынықтырумен шұғылданады.
Елшілік қызметкерлері онымен үнемі байланыста. Қажетті көмекті көрсетіп жатыр. оның өтініші бойынша, кітаптар жіберіп, жеке қолдануға арналған заттарды сатып алу үшін ақша аударып (мекеменің шотына) тұрады», – делінеді Қазақстаның Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.
2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кетті. Ақжарқын бір жылдан аса сот үкімін күтіп отыр.