Семей саяжайларында ұрлық-қарлық көбейген

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:21 Хабар 24
Қаскөйлер көбінесе темірден жасалған дүниелерді үптеп кетеді.

Семейдегі саяжай алқаптарында ұрлық-қарлық көбейген, деп хабарлайды Хабар 24.

Қаскөйлер көбінесе темірден жасалған дүниелерді үптеп кетеді. Осындай қылмыстардың бетін ашу үшін шаһарда жедел алдын алу шаралары өткізіліп жатыр. Полицейлер бір күнде заңсыз темір-терсек жинап келген екі нүктені анықтады. Рейд кезінде олардың арнайы лицензиялары болмай шыққан. Бұл құқықбұзушылық үшін заң бойынша 15-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылады. Рұқсатсыз темір жинаушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Ол әкімшілік хаттамалар мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады. Сот ол кісілерге айыппұл салады. Өткізген адамға айыппұл салынбайды. Егер де бұл жағдай ұрланған темір болса, ол кісіге біз қылмыстық іс қозғаймыз, - дейді учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Ибраев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: