Солтүстік Қазақстанда су ағызып кеткен жеті жастағы бала іздестіріліп жатыр
Baq.kz
Солтүстік Қазақстанда өткен сенбіде 2011 жылы туған бала ойнап жүріп, Ишим өзеніне батып кеткен.
Қайғылы жағдай 9 маусымда Қызылжар ауданы, Новоникольское ауылында болды, деп хабарлайды Baq.kz.
Солтүстік Қазақстанда өткен сенбіде 2011 жылы туған бала ойнап жүріп, Ишим өзеніне батып кеткен.
Екі бала судың маңында ойнап жүрген, оның біреуі жеті жастағы бала. Ол белгісіз себептермен суға құлап, қатты ағыс Петропавл бағытына қарай алып кеткен. Қазір болған жағдайдың мән-жайы анықталуда. Кішкентай ұлдың тірі қалу мүмкіндігі өте аз. Оны төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар іздестіруде.
«Былтыр 24 солтүстікқазақстандық суда болған төтенше жағдай құрбаны болған, оның үшеуі – бала. Олардың басым бөлігі тыйым салынған жерде суға шомылып жүрген кезде, ішімдік ішкен күйде суға жүзіп жүрген кезде мерт болған. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері 48 адамды құтқарып қалса, оның 8-і бала болған», - дейді қоғамдық қорғау подполковнигі Серік Шарипов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript