Трамп пен Ким Чен Ын тарихта алғаш рет кездесті

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 15:14 Хабар 24
Бір-бірін алғаш рет көріп тұрған қос ел басшысы іркілместен қол алысты.

Трамп пен Ким Чен Ын тарихта алғаш рет кездесті, деп хабарлайды Хабар 24.

Сингапурдың Сентоза аралындағы Capella қонақ үйінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуі Астана уақытымен 07:04-те (АҚШ-тағы уақыт 21:04) басталды.

Бір-бірін алғаш рет көріп тұрған қос ел басшысы іркілместен қол алысты.

Айта кету керек, қол алысу кезінде Трамп Ким Чен Ынға қарап тұрып, ұзақ сөйледі. Бірақ Солтүстік Корея басшысы ләм-мим деместен одан көз алмастан тұра берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: