Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді пышақтады

Astana TV, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 15:43 Astana TV
Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Пышақ сол қолын тіліп өтіп, ішіне тереңдей кірген.

Ақтөбеде жеке емханада емделуші науқас дәрігерін пышақтап, өзі 4-ші қабаттан секіріп кеткен. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі айтты деп жазады zakon.kz, Астана телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

Жақсыбек Кемал, тілші: Оқиға жақында болған. Жеке клиника дәрігерінің қабылдауында отырған ер адам оған пышақ сұғып алған. Қансыраған дәрігер одан әрең қашып құтылыпты.

Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Пышақ сол қолын тіліп өтіп, ішіне тереңдей кірген. Дәрігерлер алғашында оның жағдайын орташа ауыр деп белгілепті. Ота сәтті жасалған.

Талғат Сүйіндіков, Ақтөбе темір жол ауруханасының дәрігері: Операциядан кейінгі кезең асқынусыз, қанағаттанарлық жағдайда. Бел аймағының тесіліп, кесілген жарақаты, шынтағының кесілген жарақаты. Бүгінгі таңда науқас үйіне шығарылуға дайындалуда.

Жарақат алған жалпы дәрігер-терапевт аталған емханаға бір жыл бұрын келген. Айтуынша, қабылдауына келген 50 жастан асқан науқас. Ол қорғануға әрекеттенгенін айтады. Соның өзінде екі жерден пышақ тыққан. Абырой болғанда, сол жердегі медбикелер көмеккке келіп үлгеріпті.

Дмитрий Бабич, зардап шеккен дәрігер: Ол келген кезде есінен ауысқандай түр көрсетті. Көзі қарайған. Қабылдауыма отырған сәтте пышағын шығарып, сұғып алды. Мен алғашында әрекет етіп үлгермедім. Сосын барып итеріп жіберіп, қарсылық таныттым. Медибикелеріме рахмет. Дер кезінде оны кабинетке қамап үлгерді. Ол жерде басқа да адамдар болған. Соларға қауіп төнуі мүмкін еді.

Дмитрий өзін пышақтаған адамға кінә артпайтынын айтады. Өйткені дәрігерлердің қорытындысына сай, емханаға келген науқастың бүйрегі дұрыс жұмыс істемегендіктен, зиянды сұйықтық бөлініп, ол мидың қызметін бұзған. Мұны Теміржол ауруханасының дәрігері айтты. Салдарынан науқас өз әрекетіне жауап бере алмайтын дәрежеге жеткен көрінеді. Ал оқиға болған жеке емханада қауіпсіздік күшейілмек.

Дина Каукеева, емхана меңгерушісінің міндетін атқарушы: Кабинеттерге бейнекамералар орнатамыз. Бізде ішкі қауіпсіздік қызметі бар. Солармен бірге жұмыс істейтін боламыз.

Облыстық Ішкі істер департаменті мамандарының айтуынша, қазір бұл оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары басталған. Алайда күдіктіден әзір жауап алу мүмкін емес.

Ерболат Сарқұлов облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: Қазір ҚР ҚК 24 бабы 3-інші бөлімімен, 99 бабтың 1-інші бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ, себебі ол өз өзіне қол салды. Яғни 4-інші қабатта орналасқан өз пәтерінен секіріп кетті.

Жақсыбек Кемал, тілші: Облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің айтуынша, дәрігерді пышақтаған науқастың басы қатты жарақаттанып, сүйектері бірнеше жерден сынған. Қазір жағдайы ауыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: