Жаңалықтар тізбегі
0

Мексикалық боксшы Сауль Альварес тағы жазаланды

 inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 20:12  inform.kz
Үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды: украиндық Василий Ломаченко көш бастаса, екінші орында америкалық боксшы Теренс Кроуфорд тұр. Үшінші позицияға қазақстандық Геннадий Головкин орналасты.

Бокс туралы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін (P4P) жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды: украиндық Василий Ломаченко көш бастаса, екінші орында америкалық боксшы Теренс Кроуфорд тұр. Үшінші позицияға қазақстандық Геннадий Головкин орналасты.

Бұл ретте, мексикалық боксшы Сауль Альварес журналистердің дауыс беру нәтижесі бойынша төрт позиция жоғалтып, сегізінші орынға түсті.

«Канелоның» бұл құлдырауына Головкинмен жекпе-жегі алдында анықталған допинг пен алты айға бокстан шеттетілуі әсер етті.

Қауымдастың сайтында атап өтілгендей, «BWAA мүшелерінің көбі Альвареске қарсы шығып, оны мүлдем көрсетпеген. Ол бюллетендердің 50 процентінен азын жинағандардың қатарына енді».

ТОП-10 тізімі мынадай:

1. Василий Ломаченко (11-1-0, 9 КО) - 145 ұпай;

2. Теренс Кроуфорд (32-0-0, 23 КО) - 124;

3. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - 122;

4. Эррол Спенс (23-0, 20 КО) - 79;

5. Майки Гарсия (38-0, 30 KO) - 74;

6. Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 KO) - 47;

7. Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) - 42;

8. Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) - 42;

9. Наойя Иноуе (16-0, 14 КО) - 36;

10. Кит Турман (28-0, 22 КО) - 31.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: