Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 18 жастан асқан мүгедектерді күтетін адамдар үшін жаңа жәрдемақы тағайындалады

soclgoty.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2018 21:03 soclgoty.ru
Аталмыш жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы алады.

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады деп жазады Zakon.kz.

Заң жобасының негізгі тұстарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова танысты. Оның айтуынша, түзетулер 2018 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді. Жәрдемақыны бірінші топтағы, мүгедектерді бала кезінен қарап келе жатқан және 18 жастан асқан мүгедектерге қамқорлық жасайтын адамдарға беріледі.

Бұл жәрдемақыны шамамен 14 мыңдай адам алады. Жәрдемақының мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 1.05 немесе ағымдағы жылы 29 699 теңгеге тең болады. Төлем өмір бойына тағайындалады, ал мүгедектерге күтім жасалған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде саналады. Сонымен бiрге бiрiншi топтағы мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың сомасы 54 306 теңгені құрайды, -деді министр.

Сонымен қатар, бірінші топтағы мүгедектер жеке оңалту бағдарламалары негізінде медициналық және әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік қызметтер туралы» заңға мемлекет тарапынан ғана емес, азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік қызметтерге бірлескен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өзгерістер енгізілетін болады, бұл әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартуға, сондай-ақ жеке сектордың қатысуын ұлғайтады. Бұдан басқа, арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылар және олардың әлеуметтік қызметтері туралы жеке ақпаратты қамтитын Әлеуметтік қызметтер порталын құру жоспарлануда, - деді министр.

Оның айтуынша, ол табиғи қозғалысты және тұтынушылар мен мамандардың құрамын өзгерту есебімен жүйелі түрде жаңартылады.

Заң жобасы сондай-ақ, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы » Қазақстан Республикасының Заңына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі белсенді шаралардың шарттарын өзгерту жағдайында әлеуметтік келісімшарттың мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл іс жүзінде әлеуметтік келісімшарттың мерзімін созуға болатын объективті жағдайларды белгілеуге мүмкіндік береді, жағдайы төмен азаматтардың келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауының тиімділігін арттырады. Сонымен бірге, заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер кестесіне күнделікті қаржыландыруға ауысады, бұл тағайындаған күннен бастап 3 жұмыс күніне дейін әлеуметтік төлемдерді алу мерзімін қысқартады, - деді министр Әбілқасымова.

Наряду с этим, как в заключение уточнила министр, документом регламентированы поправки по предоставлению лицам, уволенным с воинской службы после 13 июня 2017 года права на проезд за счет государства на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте к месту постановки на воинский учет или избранному месту жительства в пределах РК.

Бұған қоса, министрдің нақтылауынша, құжат әскери қызметтен босатылған адамдарға 2017 жылғы 13 маусымнан кейін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекеттің есебінен әскери тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенге дейін жүру құқығына рұқсат беру туралы түзетулерді регламенттейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: