Жаңалықтар тізбегі
0

Бакуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2018 22:10 www.24.kz
Тұсаукесерге қатысқандар қазақ халқын, оның мәдениетін тани түсті. Әрі егемен елдің ұлттық нақыш, төл құндылықтарын насихаттауда өзгелерге үлгі екенін айтты.

Әзербайжанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап сол елдің тілінде жарық көрген деп жазады Хабар 24 арнасы.

Туынды Гейдар Алиев орталығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ортақ жобасы болып табылады. Кітаптың Әзербайжандағы тұсаукесері «Уақыт таңдауы» атты деректі фильм көрсетілімінен басталды. Шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Әзербайжан парламентінің депутаттары қатысты. Кітап кіріспесін жазған Али Гасанов Қазақстан Президентін жалпы түркі халқының көшбасшысына балайтынын айтты.

Али Гасанов, Әзербайжан Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі: – Бүгін тұтас ұлттың көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы әзербайжан тіліндегі кітаптың тұсаукесерін өткіздік. Ұлт көшбасшылары туралы кітаптар арқылы біз халықтарды жақындастыруды, мемлекет қайраткерлерінің өмірімен таныстыруды мақсат еттік. Қазақстан пен Әзербайжан басшылары стратегиялық байланысты нығайтуға ерекше мән береді.

Әзербайжан оқырмандары Президент Назарбаевтың қызметімен танысып қана қоймай, егемен Қазақстанның тарихы, экономикалық дамуы мен қазақ елінің мәдениеті жайлы да оқып біле алады.

Махмұд Қасымбеков, Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы: – Бұл кітап Гейдар Алиев орталығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының арасындағы келісімнің нәтижесінде жарыққа шықты. Ол біздің алғашқы жоба емес. Егер естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Астанада Гейдар Алиев туралы кітаптың тұсаукесері болған еді. Ол еңбек қазақ қоғамында ерекше қызығушылық тудырды. Меніңше мұндай бірлескен жобалар біздің достық қарым-қатынасымызды нығайта түседі.

Тұсаукесерге қатысқандар қазақ халқын, оның мәдениетін тани түсті. Әрі егемен елдің ұлттық нақыш, төл құндылықтарын насихаттауда өзгелерге үлгі екенін айтты.

Мерей Мұратханқызы, Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: